БАҚ біз туралы

Qazaq Tili Endowment Qory-на жиналған қаржы қалай басқарылады – Рауан Кенжеханұлымен сұхбат
12 наурыз 2024 ж.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрған Qazaq Tili Endowment Qory-на Президент бастап, өзгелер қостап, ақша аударып жатыр. Сол қаражаттың қайда кетіп жатқанын білу үшін, эндаумент қордың елдегі басқа қорлардан қаншалықты айырмасы бар екенін түсіну үшін «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен сұхбаттасқан едік.

Айдын Рахымбаев қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге аударады
08 ақпан 2024 ж.

BI Group құрылыс холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады. Одан бөлек, қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Alageum Electric КТ Qazaq Tili Endowment Қорына 100 млн теңге жарна аударды
28 желтоқсан 2023 ж.

Alageum Electric компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.

«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге
21 желтоқсан 2023 ж.

Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына 100 миллион теңге аударады. Дулат Тастекейді көпшілік қазақ тілінің жанашыры ретінде таниды. Ол өзі басқаратын компанияда қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуін талап етіп, іс-қағаздарды қазақшалаған.

Kusto Group қазақ тілін қолдау қорына 100 миллион теңге аударады
11 желтоқсан 2023 ж.

Kusto Group компаниясы басшылығы QAZAQ TILI Endowment Qory-на 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы QAZAQ TILI Endowment Qory-на бірінші болып 7 миллион теңге жарна аударды
07 желтоқсан 2023 ж.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы QAZAQ TILI қорына бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды. Бұл қор мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етеді. Қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Ондағы қаражат басқаруға беріліп, инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлын қабылдады
12 қазан 2023 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды
21 шілде 2023 ж.

Астана қаласында өткен халықаралық «Қазақ тілі» құрылтайына қоғамдық бірлестіктің төралқа және орталық кеңес мүшелері, Қазақстанның барлық аймағынан келген делегаттар мен елге танымал тіл жанашырлары, тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның алдағы жұмыс жоспары талқыланды.