QAZAQ TILI ENDOWMENT QORY
260000000 теңге
«Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы»

«Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілінің қоғамның барлық саласында қолданылуына, дамуына ынталы Қазақстан Республикасында және шетелдерде тұратын азаматтардың басын біріктіретін ерікті ұйым.

Соңғы жаңалықтар
Қарағандыда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті
16 сәуір 2024 ж.

16 сәуірде Қарағанды облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы өтті. Форумға Қарағанды облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, ЖОО профессор-оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері мен журналистер, блогерлер, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

«Қазақ тілі» қоғамы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі меморандумға қол қойды
26 наурыз 2024 ж.

Бүгін Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы мен ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестер
Жобаға қатысу
Қазақ тілін дамытуға идея ұсыну
Жобаға қатысу
Ұсыныс беру
Жаңалықтарға жазылыңыз